RU
Жазира мен Жанболат бастаған бір топ әншілер Арыста қайырымдылық концерт берді (фото, видео)

Жазира мен Жанболат бастаған бір топ әншілер Арыста қайырымдылық концерт берді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Күллі Қазақстан халқын дүрсілкіндірген оқиғадан кейін Арыста алғаш рет қайырымдылық концерт өтті. Бір топ отандық әншілер қайғылы жағдайға тап болған жергілікті халық үшін ән шырқап, жұртшылықтың көңілін көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арыстағы қайырымдылық кешіне Жазира мен Жанболат, Нұрлан Еспанов пен Ақжол Мейірбеков сынды шоу-бизнес өкілдері қатысты. Бұл туралы Жазира Байырбекованың Instagram парақшасынан белгілі болды.

Әншінің жазбасына сәйкес аталмыш шара оның туған ағасы Ербол Байырбековтың бастамасымен өткен.

Желі қолданушылары өнер иелерінің бұл игі ісіне тәнті болып, оларға деген ақ тілектерін қарша жаудырды.

"Жарайсыздар, керемет бастама" , "Халық бір марқайып қалды. Үлгі алар тұлғасыздар" , "Тамаша көрініс, көз тоймайды" , Қандай жақсы әрі қарапайымсыздар. Жарайсыздар, халық сіздерді жақсы көреді " , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel