RU
Деревянченко Головкинмен болуы мүмкін қарымта жекпе-жек туралы шындықты айтты
Жаңалықтар Қоғам

Деревянченко Головкинмен болуы мүмкін қарымта жекпе-жек туралы шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпиондық үшін жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілгені туралы тағы да пікір білдірді деп хабарлайды Sport.politeka.net-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

6 қазандағы қос боксшының кездесуі өте тартысты болды. Жекпе-жектің бірінші раундында украиналық боксшы нокдаун алса да, белсенді өнер көрсетті.

12 раунд бойы жұдырықтасқан қос боксшының қайсысы мықты екенін төрешілер анықтап берді.

Нәтижесінде Головкин 114:113, 115:112, 115:112 есебімен жеңіске жетті.

Деревянченко жекпе-жек басында алған нокдауннан тез ес жиғанын жеткізді.

Ол жұдырықтасу барысында қабағының жарылғаны, қанның тоқтамауы үлкен кедергі болғанын жасырмады.

"Соққы жасауға ұмтылғанда, оның қолы қақ шекеме тиіп нокдаун алдым. Бірақ аяғымнан тұрғанда, өзімді жақсы сезіндім. Екінші раундта басымды төмен түсіріп өнер көрсеттім. Ал Головкин маған апперкот соққысын жіберді. Мұны сездім. Соққы қабағымды жарып жіберді", - деді Деревянченко IFL TV арнасына берген сұхбатында.

Украиналық боксшы жекпе-жек барысында қан көз жанарына тиіп кете берген. Соның салдарынан Деревянченко кейбір соққыларды жіберіп алғанын растады.

"Мені дәрігерлер шақырғанда, жекпе-жекті тоқтатып тастайды деп қорықтым. Кездесу аяқталған соң жеңісті маған береді деп ойладым. Мен көп соққы дарыттым, алайда Головкин барлығына қарсы тұрды. Реванш туралы әлі ештеңе білмеймін. Алдағы уақыттағы нәтижені күтетін боламын. Мен Головкиннің титулдарды қайтару үшін Альвареспен жекпе-жекке шыққысы келетінін білемін. Жанкүйерлер бұл кездесуді қаласа, қарымта жек-жек орын алуы мүмкін", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel