Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда белгісіз біреулер жолаушылар толы автобусқа оқ атты

Опубликовано:

Қарағандыда жолаушылар қалалық автобус салондарына үрейленіп кіреді. Себебі, белгісіз бұзақылар қоғамдық көлік терезелеріне пневматикалық қарудан оқ атып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

8 қазан күні белгісіз азаматтар Қарағандыдағы ең танымал бағыттағы №40, №45 және №33 автобустарға шабуылдады. Пневматикадан оқ атылған кезде №33 автобуста 70-ке жуық адам болса, № 45 қоғамдық көлікте 120 жолаушы, ал №40 автобуста 45 -ке тарта адам отырған.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлауынша, үш автобусқа шабуыл кеше кешкі 7 шамасында 45-аудан аумағындағы аялдамада жасалған.

"Бұзақылық ниетпен белгісіз біреулер пневматиканы пайдаланып №40 (40-45 жолаушы отырған), №45 (120 жолаушы болған) және №33 автобус терезелеріне зақым келтірді.
№45 автобус салонын тексеру барысында жедел-тергеу тобы қызметкерлері пневматикада пайдаланылатын 4,5 миллиметрлі меттал шар тапты", - деді ведомствода.

Полиция бұзақыларды іздестіруде. Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлімі 2- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1821182-karagandyda-belgisiz-bireuler-zolausylar-toly-avtobuska-ok-atty/

pixel