Уәдесінде тұрмаған әкімді халық жүк көлігіне арқанмен байлап сүйреген (видео)
Мексиканың Чьяпас штатындағы Лас-Маргаритас тұрғындары қала басшысы Хорке Эскандонды жеңіл жүк көлігінің арқасына арқанмен байлап көшелермен сүйреген деп хабарлайды El Universal басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Қала тұрғындары Эскандонның жасаған жұмысына көңілі толмапты. Ол халыққа жол салуға уәде беріп, алайда көпшіліктің өтінішіне қарамастан мэр сөзінде тұрмапты.
Жергілікті тұрғындармен болған қақтығыстан соң Эскандон медициналық көмекке жүгінген, қазір оныің өміріне қауіп жоқ.
Полиция 30 адамды қамауға алып, тағы 11 адам зардап шеккен.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
20
0
Тағы да оқыңыздар