Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саңырауқұлақты жиі тұтыну - ер адамдарда кездесетін қатерлі ісіктен сақтайды

Опубликовано:

Саңырауқұлақты үнемі жеу - ерлер арасында ең көп кездесетін қатерлі ісік - қуықасты безінің пайда болуынан қорғайды. Бұл туралы жапондық ғалымдар хабарлады деп жазады Медикфорум порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Саңырауқұлақтың пайдасы туралы зерттеген Тохоку университетінің ғалымдары ұзақ уақыт бойы 36,5 мың ер адамды бақылаған.

Олардың ұзақ мерзімді зерттеуіне 40 пен 79 жас аралығындағы жапон ер адамдары қатысқан. Олардың тамақтану тәртібі, физикалық белсенділігі, жаман әдеттері (темекі және ішімдік), білімі мен отбасылық жағдайы, ауру тарихы бақыланған.

Зерттеу барысында жалпы қатысушылардың 3,3 пайызы қуықасты безінің ісігімен ауырған. Зерттеушілер саңырауқұлақтарды үнемі тұтыну ерлердің рационында қанша жеміс-жидек, көкөніс, ет немесе сүт өнімдері болғанына қарамастан, простатит қатерлі ісігінің қаупін төмендетеді деген қорытындыға келді.

"Саңырауқұлақтарды аптасына бір немесе екі рет жеген ер адамдарда саңырауқұлақты аз жейтін адамдарға қарағанда бұл аурудың даму қаупі 8% аз",- дейді жоба авторлары.

Ғылыми жетекші маман, Тохоку университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиология кафедрасының доценті Шу Чжан саңырауқұлақтар антиоксиданттардың, әсіресе L-эргоциониннің жақсы көзі екенін айтты.Бұл зат тотығу стрессін және жасуша теңгерімсіздігін жеңілдетеді, сонымен қатар қоршаған ортадағы токсиндердің зиянды әсерімен қабынуды болдырмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1821197-sayrauklakty-zii-ttynu-er-adamdarda-kezdesetin-katerli-isikten-saktajdy/

pixel