RU
"Бәрі бірдей сыймайды": Сапарбаев Нұр-Сұлтанға ағылған халық туралы сөз қозғады

"Бәрі бірдей сыймайды": Сапарбаев Нұр-Сұлтанға ағылған халық туралы сөз қозғады

Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәжіліс отырысында халықтың басым бөлігінің астанаға көшуге талпынысын сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ

Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ

"Әркім астанада тұрғысы келеді. Әр отбасы өз балаларының Нұр-Сұлтандағы жоғары оқу орындарында білім алғанын қалайды. Алайда, бұл мүмкін емес екенін жеткізіп, сәйкесінше түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Нұр-Сұлтанға барлығы бірдей сыймайды ғой", – деді Сапарбаев.

Оның айтуынша, қаланың ресурсы белгілі бір тұрғындар санына есептелген.

Ал бақылаусыз ішкі миграция кезінде баспанамен, оқу орындарындағы және балабақшадағы орындармен проблемалар туындауы мүмкін.

"Сондықтан да қоныс аудару кезінде осы мәселелер ескерілуі қажет... өйткені баспанасыз, жұмыссыз астанада өмір сүру өте қиын... Тыйым сала алмаймыз, бірақ біз адамдарға қай жерде өмір сүрген дұрыс, қай жерде сәйкес жағдайлар жасалатынын түсіндіруіміз керек", – деді вице-премьер.
Сіздің реакцияңыз
8
0
0
0
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel