RU
Головкиннің промоутері Канеломен кездесу жақындап қалғанын айтты

Головкиннің промоутері Канеломен кездесу жақындап қалғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн Сергей Деревянченкомен өткен кездесудің қорытындысын жасап, GGG-дің алдағы қарсыластары туралы айтты деп жазады Sports.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хирн жекпе-жекке "қатыгез" деген баға беріп, спортшылардың жоғары деңгейін атап өтті.

"Міне жекпе-жек! Бұл мен көрген ең мықты жекпе-жектердің бірі болды. Қатыгез. Деревянченко ерекше болды", - деді промоутер.

Хирн украиналықты мақтағанына қарамастан, GGG мен Деревянченко арасында реванш болмайтынына сенімді.

"Геннадий ел көргісі келген жекпе-жекке шыққысы келеді. Деметриус Андраде залда отырды. Билли Джо Сондерс, Каллум Смит бар, олар кезек күтіп отыр", - деп түсіндірді ол.

Эдди Хирн 5 қазандағы жекпе-жектен соң бокс жанкүйерлерінің Головкин-Деревянченконың реваншын көргісі келетіндерімен келіседі.

Дегенмен промоутер барлығы көргісі келетін жекпе-жекті атады.

"Канеломен" жекпе-жек - бұл Геннадийдің өзі қалайтын кездесу. Үшінші кездесу де алғашқы екеуі сияқты жақсы өтеді. Осы кездесуге дайын болыңыздар, жақындап қалды", - деп уәде берді ол.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel