RU

Италиялық "Милан" клубы бапкерсіз қалды

"Милан" клубының бас бапкері Марко Джампаоло қызметінен кетті. Маманның жаттықтырушы лауазымынан кетуіне Италия чемпионатындағы сүреңсіз ойыны себеп болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды.

Клуб басшылығы 52 жастағы Джампаолоға қызметі үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабында сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Джампаоло "Милан" клубын 2019/20 маусымның басынан жаттықтырады.

Чемпионаттың алғашқы 7 турында оның командасы 3 ойынды жеңіп, төрт кездесуде жеңіліске ұшырады.

Қазіргі уақытта "Милан" турнирдің 13 сатысына жайғасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1821241-italialyk-milan-kluby-bapkersiz-kaldy.html