Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нығматулин бюджеттің игерілмегені үшін Экология министрін қатаң сынады

Опубликовано:

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин палатаның пленарлық отырысында бюджет қаражатының дұрыс игерілмеуіне байланысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қатаң сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мағзұм Мырзағалиев. Фото: twitter.com/primeministerkz. Нұрлан Нығматулин. Фото: parlam.kz
Мағзұм Мырзағалиев. Фото: twitter.com/primeministerkz. Нұрлан Нығматулин. Фото: parlam.kz: UGC

Аталған мәселені пленарлық отырыста депутат Сергей Симонов көтерді. Оның айтуынша, сумен жабдықтау және гидротехникалық ғимараттар құрылысы мен қайта құру бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемінің елеулі қысқарғаны байқалады – барлық салалар мен көптеген нысандар бойынша 19,4 млрд теңгеден 10,1 млрд теңгеге дейін.

Сондай-ақ, ол бюджетке түзетулер енгізу кезінде мұндай өзгерістер қарастырылмағанын атап өтті.

"Сонда 2019 жылға арналған бюджетті игеру бойынша үкімет есебінде 99,99 пайыз көрсету үшін аталған түзетулер жасалатын болып тұр ғой. Барлығы әдемі көрінеді, бірақ нәтиже жоқ.

Қорыта келе, біз Елбасының 2020 жылға қарай елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша бағдарламасын жүзеге асырып жатқан жоқпыз.

Аталған мәселе бойынша бөлінген қаражаттың 50%-ы игерілмеуі немен байланысты? Бұл бюджетті жоспарлаудағы шала жұмыс па әлде сапасыз орындаудың нәтижесі ме? Бұған кім жауапкершілік алады?", – деп сұрады депутат.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі бұл жағдайдың жобалық-сметалық құжаттаманың сапасыз жасалуынан туындағанын жеткізіп, аталған мәселені бақылауда ұстауға сөз берді.

Осыған орай Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин министрдің бұл мәселені "бақылауда ұстамай", іске асыруға тиіс екенін атап көрсетті.

"Бұл мәселе біздің "бақылауымызда болады". Ал сіз оны іске асыруға тиіссіз. Сіздің жауабыңыз жөнсіз. Сіз депутаттың айтқанын қайталап отырсыз. Айналшықтамай себебін айтыңыз.

Министрлікте тендер өткізесіздер ме, жоқ па? Депутаттың атап көрсеткен сандарын қараңыз. Жоспарланған қаражаттың 50 пайызы игерілмеген. Бұл қалай болғаны?

Менің ойымша, бұл министрдің аталған жұмысты қалай ұйымдастыру керек екенін түсінбеуінің нәтижесі. Бұл іспен кәсіби түрде айналысу керек", – деп сынға алды Нұрлан Нығматулин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1821248-nygmatulin-budzetti-igerilmegeni-sin-ekologia-ministrin-kata-synady/

pixel