RU
Алдағы бес жылда Алматыда не өзгереді: Сағынтаев жоспармен бөлісті

Алдағы бес жылда Алматыда не өзгереді: Сағынтаев жоспармен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы-2050" қаланың ұзақ мерзімді даму жобасын айтып берді. Ол болашақта қаланы қалай көретінін және мегаполисті одан да жақсартып, өмір сүруге жайлы болуы үшін не істеу керек екенін айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Көрекі фото: Максим Золотухин

Көрекі фото: Максим Золотухин

Бақытжан Сағынтаев басымдықты шеткі аудандарға бермек. Ол алматылықтардың бәрі жоғары деңгейде өмір сүру керектігін айтты.

"Екінші стратегиялық басымдық – Алматыда шеткі аудандар болмауы керек. Ол – бірегей сипаттағы тартымды орындары бар полиорталықтандырылған қала болуы тиіс. Бізге алматылықтардың жоғары өмір сүру деңгейі қажет. Бұл – өте маңызды. Өйткені, бүгінде қаланың орталығы мен шеткі аймақ арасында өмір сүру деңгейінде алшақтық байқалады", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, қаланың іргесіндегі ықшам аудандардың басым бөлігінде орталықтандырылған су, кәріз жүйесі жоқ, жолдары жөнделмеген, көшелеріне жарық тартылмаған.

"Мегополис орталығы мен шеткі аудандардың даму деңгейінде алшақтық бар. Осы мәселелерді шешу үшін «Жаңа Алматы» жоспарын жасадық. Оның басты мақсаты – алдағы 5 жылда сумен жабдықтау, жарықтандыру, ауланы абаттандыру, қоғамдық көлік, тұрғын үй, балабақша, мектеп, жол сияқты мәселелерді шешу", - деді қала басшысы.

Ол өз сөзінде мегаполисттің шеткі аймақтарын дамытуға шамамен 800 миллиард теңге қажет болатындығын атап өтті. Мәселен, 2021 жылдың соңына дейін қала шетіндегі 23 шағынауданды толықтай сумен және кәрізбен қамтамасыз ету көзделген. Сондай-ақ, көшелер мен аулаларды жарықпен 100% қамтуды жоспарлап отыр. Қаланың шет жақтарында жаңа жұмыс орындарын ашылмақ.

"Сонымен қатар, біз әуежай маңындағы "Шығыс қақпасы", Қапшағай бағытындағы "Солтүстік қақпаны", ЖЭО-2 жанындағы "Батыс қақпаны", Индустриалды аймақты, Қаскелең бағытындағы «Оңтүстік қақпаны» дамытамыз. "Инновациялық технологиялар паркі" жаңадан дамитын болады. Осы аймақтардың барлығында халықтың көп шоғырлануына жағдай жасаймыз. Жаңадан жұмыс орындарын ашамыз", - деді әкім.

Жергілікті билік Жаңа Алматыда, тұрғындар үшін жаңа алаңдар, саябақтар мен демалыс аймақтарын құруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, полиорталықтандыру кезінде Алматының көне тарихы мен мәдени орталығының келбетін сақтау жұмыстары қатар жүргізілмек.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel