Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда зорлады деп күдікке ілінген ер адам жындыханадан қашып кетті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда зорлады деп күдікке ілінген азамат психоневрологиялық диспансерден қашып кетті. Ақпаратты қаладағы полиция департаменті растады деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Оқиға 9-қазанда сағат 12:20-да болған. Қылмыстық кодекстің 120 бабы (Зорлау) бойынша күдікке алынған 42 жастағы ер адам Жансүгірұлы мен Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысында орналасқан медициналық мекемеден қашып кеткен.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері қашқынның бағытын анықтаған.

"Бізге бағыт-бағдары түсті, қазір қосымша бақылау-өткізу пунктін қойдық. Іздеу шараларын Ақмола облысы мен астана маңы аймағында өткізіп жатырмыз", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, 1977 жылы туған күдікті Өзбектсан тумасы, бойы 175-180 сантиметр, қара шашты, қысқа қиылған, қара көзді. Ер адам қара капюшонды күрте, "Italiy" жазуы бар қою көк түсті кеңжейде, күңгірт түсті бас киім, спорттық қою-көк түсті шалбар мен қара туфли киген.

Күдіктіні ұстауға полиция департаментінің жеке құрамы жасақталған, жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Егер сізде қандай-да бір ақпарат болса, Нұр Сұлтан полициясының кезекші бөліміне хабарлаңыз: 71-60-10 немесе 8(7172) 71-60-07, 71-60-29, 71-60-22, 71-63-29, ұялы тел: 87018808070, 87789508176.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1821262-nr-sltanda-zorlady-dep-kdikke-ilingen-er-adam-zyndyhanadan-kasyp-ketti/

pixel