RU
Масляков Сабуровтың КВН туралы күтпеген мәлімдемесіне жауап берді

Масляков Сабуровтың КВН туралы күтпеген мәлімдемесіне жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров Юрий Дудьқа берген сұхбатында КВН қатысушысы болу үшін жарна төлеу керек екенін мәлімдеген. КВН президенті Александр Масляков осыған байланысты пікірін білдірді деп хабарлайды "Говорит Москва" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Сабуров, Александр Масляков. Фото: instagram.com/nurlansaburov және Sputnik / Михаил Климентьев

Нұрлан Сабуров, Александр Масляков. Фото: instagram.com/nurlansaburov және Sputnik / Михаил Климентьев

Сабуровтың айтуынша, бұрын ол Уральск университетінің атынан КВН сахнасында өнер көрсеткен. Ол сайысқа қатысу үшін ақшалай жарна төлеуге мәжбүр болғандарын, сондай-ақ жарнаның сомасы әрдайым өсіп отырғанын жеткізді.

Александр Масляков өз кезегінде, Нұрлан Сабуров та, оның бірге өнер көрсеткен командасы да есінде жоқ екенін алға тартты.

«Біріншіден, біз оның кім екенін де білмейміз. Қандай Уральск университеті? Қандай жарна? Ештеңе айта алмаймыз», – деп қысқа қайырды ол.

Еске сала кетейік, Юрий Дудьқа берген сұхбатында Нұрлан Сабуров бір кездері Италияда "өте бай қазақтардың" алдында өнер көрсеткенін айтып берді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel