RU
Жамбыл облысының тұрғыны бала ұрлығы туралы хабарлама таратқан (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысының тұрғыны бала ұрлығы туралы хабарлама таратқан (видео)

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысы Сарыкемер ауылының тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы бала ұрлығы туралы хабарлама таратқан. Тәртіп сақшылары аталған ақпараттың жалған екенін анықтады деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Жамбыл облысы ПД және NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Жамбыл облысы ПД және NUR.KZ

Жалған ақпарат 7 қазанда тарады. Ауыл тұрғыны аудиохабарлама жазып, онда белгісіз біреулердің бала ұрлауға талпынғанын айтқан.

Полицейлер хабарлама авторының аты-жөнін анықтады. Әйел адам бала ұрлығы туралы ақпаратты басқа біреулерден естіп, осындай әрекетке барғанын мойындады. Ол біреулердің кесірінен жаңылысып қалғанын алға тартады.

Кейінірек хабарлама авторы шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрап, видеоүндеу жариялады.

Өңірдің полициясы ешкімнен бала ұрлығы туралы арыз түспегенін мәлімдеді.

Полиция департаменті әдейі жалған ақпарат таратқан үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салады.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel