RU
Назарбаев: Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуі қажет
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуі қажет

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесті деп хабарлайды Elbasy.kz.

Назарбаев: Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуі қажет

Фото: elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш gрезиденті агенттіктің тиімділігін арттыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық тәжірибені қолданудың маңыздылығын атап өтті.

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені жетілдіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдадық. Алайда, шет елдердің тәжірибесін зерттеуді жалғастырып, қылмыстың осы түрімен күресудің озық тәжірибелерін енгізуіміз керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне қатысуы қажеттігіне назар аударды.

"Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуі қажет. Заң бұзылған жағдайда азаматтар уақтылы хабарлауға тиіс, ал мемлекет белсенді азаматтарды қолдауы керек", - деді Елбасы.

Кездесу барысында Шпекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа орталық мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп «Адалдық алаңы» жобасын іске асыру барысы туралы баяндады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel