Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар тас жолында ағайынды жігіт аналарының көз алдында мерт болды

Опубликовано:

Павлодар-Қызылорда тас жолының жиегінде екі туған ағайынды әкесімен бірге мәшиненің дөңгелегін ауыстырып жатқан. Сол сәтте оларды Ленинский ауылының тұрғыны көлігімен қағып кеткен. Ағайынды Бауыржан мен Ерлан оқиға орнында жан тапсырған, ал олардың әкелері бірнеше ай бойы ауруханада қимыл-қозғалыссыз жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан мен Ерлан Ахметовтер. Фото туыстарының архивінен
Бауыржан мен Ерлан Ахметовтер. Фото туыстарының архивінен: Getty Images

Марқұмдардың туыстары жол апатының биылғы шілде айында болғанын мәлімдеді. Айтуларынша, көліктері бұзылған соң, бірінші кезекте "аварийканы" қосып, апатты ескерту белгісін орнатқан. Содан соң дөңгелекті шешуге кіріскен.

Жантүршігерлік апат 33 жастағы Бауыржан мен 27 жастағы Ерланның аналарының көз алдында болған.

"Қатты дауыс шықты, бұрылып қарасам – олар жоқ. Сол сәтте айқай-шу естілді. Бір мезетте үшеуін бірдей қағып кеткен. Бірінші Ерланды, кейін Бауыржанды және көліктің алдында тұрған әкелерін", – деп есіне алды қара жамылған ана.

Туыстары бауырлардың біреуінің оқиғадан 10 минут өткеннен кейін ғана табылғанын жеткізді. Оны жолдың қоршауының арғы бетіне ұшырып жіберген екен.

Адамдарды қаққан иномарканының рөлінде Ленинский ауылының 73 жастағы зейнеткері отырғаны белгілі болды.

Бүгін Павлодардың №2 қалалық соты аталған қылмыстық істі қарауды бастады. Сот санкциясы 5-10 жылға бас бостандықтан айыруды қарастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821297-pavlodar-tas-zolynda-agajyndy-zigit-analaryny-kz-aldynda-mert-boldy/

pixel