Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлтқа ұят": Қоғам қайраткері министрден "Қалаулымды" жабуды талап етті

Опубликовано:

«Желтоқсан-86 - Тәуелсіздік қырандары» Халықаралық қаһармандары қозғалысы төрайымы Гүлбахрам Жүніс атышулы "Қалаулым" бағдарламасын эфирден алып тастауды талап етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ВВВВВВ
Гүлбахрам Жүніс. Фото: www.azattyq.org: Facebook
"Бұл бағдарламаны қазақтың арасына іріткі салу деп білемін. Өйткені олар қасақана, әдейі сол жерде отырған жастарды бір-бірмен төбелестіру үшін алдын ала дайындалады, сосын олар болмайтын сөзге ілінісіп өзара жаға жыртысады.

Бұл дегеніңіз адамдардың арасына от жағып, іріткі салып, жастарымызды бір-біріне дұшпанғып, жау етіп өсіру емес пе, бұл өте теріс тәлім.

Отбасын құратын екі адам өздері шешу керек. Оларға жол сілтейтін ата-аналары бар.

Қоғам белсенділері бар, жалпы халық бәріміз бірігіп бұл бағдарламның жабылуын министрліктен талап етуіміз керек. Мен өзім талап етемін!

Өйткені бұл жерде ұлтқа ұят нәрсе жасалып жатыр. Адам көңілінен шықпайды. Сол бағдарламаны көріп отырсаң қызы да, жігіті де, барлығы да ұяттан безген, аузына келген сөзді айтады, бұл масқараны тоқтату керек.

"Қалаулымның" орнына ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін, ұлтымызды өркендететін, тілімізді көркейтетін танымдық бағдарламалар жасалуы тиіс.

Қазаққа қажет емес бағдарламаға қаражат құртқанша, ұрпағымызға тәлім-тәрбие беретін жобалар көбейсін". - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821301-ltka-at-kogam-kajratkeri-ministrden-kalaulymdy-zabudy-talap-etti/

pixel