RU

Петропавл тұрғыны Назарбаев көшесіндегі аялдаманы қиратып тастады

Полиция Петропавлдағы Назарбаев көшісінің бойында орналасқан аялдаманы сындырып кеткен жас жігітті қолға түсірді деп хабарлайды "NewTimes.kz"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: Facebook
"Оның мас күйде болғаны анықталды. Полицейлер аталған факт бойынша әкімшілік материал жинап сотқа жіберді", – деп мәлімдеді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚРК-нің 434 бабы 1-бөлігінде қарастырылған "Ұсақ бұзушылық" бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, құқық бұзушы келтірілген шығынды өтейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1821305-petropavl-trgyny-nazarbaev-ksesindegi-aaldamany-kiratyp-tastady.html