RU

Жаңаөзенде бокстан әлем чемпионы атанған жас жігітке темір тұлпар мінгізді

Жаңаөзен қаласы әкімдігі мен «Өзенмұнайгаз» АҚ бокстан Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке Toyota Camry 70 маркалы автокөлік сыйлады деп жазады Prosports.kz.

Жаңаөзен
Фото: massaget.kz: Twitter

Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров чемпионды құттықтап, ата-анасына алғысын білдірді. Өз сөзінде қала әкімі спортшының бапкерлерін атап өтіп, олардың Бекзат Нұрдәулетовтың Әлем біріншілігінде жеңіске жетуінің басты себепкерлері екенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Екатеринбург қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында 81 келі салмақта алтын медаль иеленген Бекзат Нұрдаулетов төрт дүркін әлем чемпионы, кубалық Хулио Ла Крусты тізе бүктірген еді.

Финалдық жекпе-жекте өзбек боксшысы Дилдошбек Рузметовты айқын басымдықпен жеңді.

Осыған дейін облыс әкімі Серікбай Трұмов Бекзат Нұрдәулетовке пәтер кілтін сыйға тартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1821306-zaazende-bokstan-lem-cempiony-atangan-zas-zigitke-temir-tlpar-mingizdi.html