Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Зураб Пололикашвилимен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының қала туризміне арналған «Ақылды қалалар, ақылды мекендер» ғаламдық саммитінің Қазақстан астанасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті деп хабарлайды Ақорда.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: Instagram
"Сіздің сапарыңыздың мәні зор деп санаймын. дүниежүзілік туризм ұйымының Сегізінші ғаламдық саммитін өткізуге Нұр-Сұлтан қаласының кандидатурасына қолдау білдіргеніңіз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан үшін туризмді, соның ішінде экотуризмді және қала туризмін дамыту аса маңызды. Сондықтан, біз сіздің ұйымыңызбен ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз" , – деді Қазақстан президенті. 

Зураб Пололикашвили Мемлекет басшысына қабылдағаны үшін алғыс айтып, жергілікті туризм индустриясын дамыту бағытында БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы Қазақстанмен өзара іс-қимылдарға ерекше мән беретінін атап көрсетті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1821317-tokaev-zurab-pololikasvilimen-kezdesti/

pixel