Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкиннің келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні жарияланды

Опубликовано:

Talksport.com сайтымен серіктес америкалық журналист Майкл Бенсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы туралы мән-жайды айтты. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бенсонның ақпараты бойынша, қазақстандық боксшы белбеуін қорғау туралы келісімге келіп қойған. Енді GGG IBF кездесуді қашан құптайтынын күтіп жүр.

Оның сөзінше, қазақстандық боксшының қарсыласы орта салмақтағы Еуропа чемпионы, поляк Камил Шеремет.

The Athletic инсайдерінің айтуынша, Головкин келесі жылдың басында шаршы алаңға қайта шығады.

Дегенмен, "Канело" мамырдағы кездесуге келіссе, қазақстандық Шереметпен кездесуден бас тартуы мүмкін.

Айта кетейік, поляк боксшымен өтуі мүмкін жекпе-жек туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер де айтты. Алайда қазақстандықтың командасы әзірге түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821334-golovkinni-kelesi-karsylasy-men-zekpe-zek-kni-zarialandy/

pixel