Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда біреудің көлігін әдейі өртеп жіберген бұзақы үш жылға сотталып кетті

Опубликовано:

Ақтауда автотұрақтағы көліктің ішіне спирт құйып, тұтатылған темекімен әдейі өртеп жіберген тұрғын жазасын алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтауда біреудің көлігін әдейі өртеп жіберген бұзақы үш жылға сотталып кетті
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұзақыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешімі шыққан.

«Сотталушы Р. Ақтау қаласы 21 шағын ауданындағы автотұрақта бөтеннің мүлкін қасақана жойып, бүлдіру арқылы ірі көлемде залал келтіріп, жәбірленушінің «Митсубиси Л200» автокөлігінің ішіне спирт құйып, тұтатылған темекімен өрт қойған.
Нәтижесінде, автокөлік өртеніп, жәбірленушіге 4 030 882 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен қылмыскер кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821339-aktauda-bireudi-kligin-deji-rtep-zibergen-bzaky-s-zylga-sottalyp-ketti/

pixel