Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денесі дәлізден табылған ақтөбелік жігіттің өліміне қатысты мән-жай анықталды

Опубликовано:

Ақтөбеде аурухана дәлізінен табылған жігіттің өлімі туралы тың ақпарат пайда болды. 6 қазан күні таңғы сағат бестің шамасында үш азамат Алға аудандық орталық ауруханасына қансыраған жігітті әкеліп, дәлізге қалдырып кеткен. Қазір олардың барлығы да ұсталды, дегенмен тек біреуі ғана өз қылмысын мойындады деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Коллаж: NUR.KZ. Видеодан кадр: Астана телеарнасы
Коллаж: NUR.KZ. Видеодан кадр: Астана телеарнасы: Facebook

Қайтыс болған азаматтың аты-жөні - Ерлан Төлегенов, жасы 33-те.

Анықталғандай, марқұм қалада тұрған. Қаралы күні ол өзін кішкентайынан тәрбиелеген әжесін көру үшін ауылға келіпті. Алайда, Ерлан сол күні өз үйіне оралмаған.

Медициналық мекеменің бас дәрігері орынбасары Ақмарал Ешекенованың сөзінше, дәлізден табылған азаматтың жүрегіне пышақпен соққы жасалған. Ол тіршілік белгілерін көрсетпепті.

"Өлі адамды әкеліп тастаған. Аудандық ішкі істер бөліміне хабарласып, криминалистерді шақырдық, олар сот-медициналық сараптамаға алып кетті",- деді ол.

Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды.

Ерлан Төлегенов өзін өлтірген азаматтармен таныс болуы мүмкін. Бұл фактіні марқұмның әжесі растап отыр.

"Бейбіт елде өмір сүреміз, бір ауылда өсті. Мұндай жауыздық қайдан шыққан? Оны жай ғана, себепсіз өлтіріп кетті", -дейді егде жастағы келіншек.

Ол тергеудің әділ өткенін және немересін өлтірген азаматтарын тиісті жазасын алғанын қалайды.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары ауруханаға жігітті тастап кеткен күдіктілердің ізін суытпай қолға түсірді. Жауап алу барысында күдіктілердің бірі арада дау туғанын, сондықтан ол пышақпен соққы жасағанын мойындады.

Күдікті изоляторда отыр. Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тағы екі адам іске куәгер ретінде қатысады.

Б.Рахметова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821359-denesi-dlizden-tabylgan-aktbelik-zigitti-limine-katysty-mn-zaj-anyktaldy/

pixel