Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияға демалуға барған Бүркіт митингтің ортасына тап болды (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Бүркіт қазіргі таңда Германия елінде демалуда. Шетелде жүрген шоу-бизнес өкілі демалыс күндері қалай өтіп жатқанын өз оқырмандарымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық эстрада жұлдызы Германияда түсірілген видеоларын Instagram парақшасында жариялап, оқырмандарын қызықтырып қойды.

"Негізінде европаны онша ұнатпаушы едім. Бұл жолы Германияға келіп кішкене демалып қалдым. Неміс тілі мен үшін қиын тіл.

Туған жерім Тараздың маңында көптеген неміс жолдастарым бар еді, солар қазақша мықты сөйлеуші еді. Соған қарағанда , немістерге қазақ тілі оңай беріледі-ау.

Ал маған керісінше, оңай беріле қоймас" , - деп жазды ол бейнежазба анықтамамсына.

Оған қоса, Айбек Жансеитов шетелдегі демалысы кезінде жергілікті халықтың митингке шыққанына куә болған.

Айта кетерлігі, Бүркіт шетелде әйелі Аишасыз қыдырып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1821370-germaniaga-demaluga-bargan-brkit-mitingti-ortasyna-tap-boldy-video/

pixel