RU
«TOPJARGAN» музыкалық додасын тамашалауға тұрарлық 5 себеп
Жаңалықтар Қоғам

«TOPJARGAN» музыкалық додасын тамашалауға тұрарлық 5 себеп

Рассказать Вконтакте

12 қазан күні «Topjargan» вокалдық шоуының екінші шығарылымын «Хабар» телеарнасынан, сағат 19.20-да жіберіп алмаңыздар. Сенбі күнгі кешіңізді жобаны көруге арнауыңызға 5 себепті атаймыз.

«TOPJARGAN» музыкалық додасын тамашалауға тұрарлық 5 себеп

1. «Topjargan» – бірінші шығарылымында-ақ, алғаш финалистері анықталатын бірегей музыкалық шоу. Алайда, жобаға жаңадан келген қатысушы төрдегі төрт финалистен таңдағанын «ән бәйгесіне» шақырады. Ендігі сауал – аталмыш жобада өз орындарын олар сақтап қала алады ма? Ән додасындағы заманауи батлда кім жеңіске жетіп, финлистердің қатарын толықтырады?

«TOPJARGAN» музыкалық додасын тамашалауға тұрарлық 5 себеп

2. Жобаға жаңадан келген әр қатысушы – төрде отырған төрт финалистерге қарсылас атануға, ән бәйгесіне түсуге құқы бар. Бірақ, ол дәрежеге жету үшін, жаңадан келген жоба қатысушысы – ең алдымен төрешілердің оң бағасын алу керек. Бұл маусымның төрешілері – Роза Рымбаева, Дастан Оразбеков және Baller.Жоба тізгінін – Мадина Сәдуақасова ұстайды.

«TOPJARGAN» музыкалық додасын тамашалауға тұрарлық 5 себеп

3. Жаңа маусымдағы жоба қатысушыларының қатарын Грузия, Украина, Қытай, Әзербайджан и Қырғызстан елдерінен келген талантты әншілер толықтырды.

«TOPJARGAN» музыкалық додасын тамашалауға тұрарлық 5 себеп

4. «Topjargan» — әлем бойынша жүзден аса жобаны жүзеге асырушы Armoza Formats (Израиль) компаниясына тиесілі жаңа әлемдік форматтағы музыкалық шоу. Дүние жүзінің БАҚ өкілдері жобаны - супер атақты «American Idol» жобасының баламасы деді. Жоба Америкада - «The Final Four: Battle for Stardom» ретінде танымал.Төрешілері – DJ Khaled, Diddy және Meghan Trainor,шоу тізгінін – Fergie ұстайды.

«TOPJARGAN» музыкалық додасын тамашалауға тұрарлық 5 себеп

5. Және де әлбетте, теңдесіз музыка! Сіз өткен жылдардың, қазіргі заманның, ең танымал хиттерін - ең мықты вокалистердің орындауында тыңдайсыз.

«TOPJARGAN» музыкалық додасын тамашалауға тұрарлық 5 себеп

«Хабар» телеарнасынан, сондай-ақ, YouTube желісіндегі ХабарShow арнасынан live режимінде, «Topjargan»-ның екінші шығарылымын сенбі, 12 қазан күні,сағат 19.20-да жіберіп алмаңыздар.

*PR құқығында

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel