RU
Аша Матайдың туған ағасын шоу-бизнеске кім әкелді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аша Матайдың туған ағасын шоу-бизнеске кім әкелді (фото)

Рассказать Вконтакте

Аша Матайдың туған ағасы Айдар Асқарбек жақында ғана шоу-бизнес әлеміне қадам басты. Кинодағы алғашқы рөлін ол нағашы әпкесі Баян Алагөзованың фильмінде сомдаған. Тәртіп сақшысы қызметінде жүрген Айдардың кенеттен актер болып кетуіне кім әсер еткенін "ShowNewskz" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Отандық тележүргізушінің туған ағасы кәсібін ауыстыруына не түрткі болғанын айтып, өзін шоу-бизнеске кім әкелгенін да жасырмады.

"Студент болып жүрген кезімде бір кастингтен өткенмін. Мені басты рөлге алған болатын. Алайда, одан кейін кішкене жоспарлар өзгеріп, Қытайға оқуға кетуге мәжбүр болдым. Уақыт келіспей қалды.

Баян Мақсатқызы мені туысы болғаннан кейін тасып, жүргізіп келе жатыр деген сөздерді алыстан болса да, жақыннан болса да естідім.

Енді қатты туыстық жағынан көмектесті десем болмайды. Өйткені, кастинг өте әділетті түрде өтті" , - деді Айдар Асқарбек.

Сонымен қатар, Аша Матайдың ағасы басы бос екенін айтып, әлі жарын кездестірмегенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
5
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel