RU
"Қайыршы балаларға садақа бермеңіздер": Аружан Саин халыққа үндеу жолдады

"Қайыршы балаларға садақа бермеңіздер": Аружан Саин халыққа үндеу жолдады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Аружан Саин өзінің Instagram-парақшасында қайыршы балалар туралы пост жариялады. Ол қазақстандықтардан мұндай балалар жөнінде ақпарат пен суреттер жіберуді сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саинның айтуынша, оған көшеде қайыр сұрайтын балалар немесе қолдарына бала ұстап қайыр сұрайтын ересек адамдар туралы көп жазады.

Оларға көмектесу үшін омбудсмен қазақстандықтардан қайыр сұрайтындардың суреттерін, сондай-ақ суреттің қашан және қайда түсірілгені жөнінде мәлімет беруді сұрайды.

Ол бір жыл бұрын болған оқиғаны есіне алды. Ол кезде Еркін Тәтішев қайыршы қызды кездестіріп, полиция шақырған. Алайда, сол арада қыздың "ағасы мен әпкесі" пайда болып, баланы тәртіп сақшыларына беруге қарсы болған.

"Полиция келіп, қызды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал үлкендерді учаскеге алып кетті. Баланың бұдан бұрын да аталған орталыққа түскені белгілі болды. Мектепке тіркелгенімен, сабаққа бармай, қайыр сұрап жүрген. Бірнеше күннен кейін полицияға оның атасы хабарласып, баланы соған берген", – деп жазды Саин.

Бұл отбасы үнемі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектордың, аудан прокуратурасының бақылауында болғанымен, біраз уақыттан кейін бала қайтадан көшеге шығып қайыр сұрап кеткен.

"Қазір ол 8 жаста, өзін ақша табу үшін қолданатын баланың келешекте қандай болып өсетіні түсінікті. Әзірге кішкентай – адамдар жаны ашығаннан береді, ал өскен соң қалай болмақ?", – дейді балалар омбудсмені.

Оның айтуынша, бұл жағдайды түзеуге қандай шаралар нақты көмектесетінін түсіну қажет.

"Ал бастысы, Зүлфия Байсакова сұхбатында атап өткендей, әзірге бұл жағдаймен күресу үшін тек бір амал қолдануға болады: "Барлық қазақстандықтарға қайыршы балаларға ақша беруді тоқтату керек. Аталған механизм істемей қалған соң, қайыршылар бұл іске балаларды тартпайтын болады", – деп жазды Аружан Саин.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel