RU
Сын көтере алмаған Ақбота-Нұр Айдарқұлова сахнада жылап жіберді (видео)

Сын көтере алмаған Ақбота-Нұр Айдарқұлова сахнада жылап жіберді (видео)

Рассказать Вконтакте

Жуырда отандық телеарналардың бірінде әншілер мен басқа сала өкілдері бірге өнер көрсететін "Екі жұлдыз" бағдарламасы жарыққа шыққан еді. Жобада үздік болуға таласқан өнерпаздар бірде алға шығып, бірде көштен қалып жатыр. Ал үшінші бағдарламада қатысушыларға халық әнін орындау қажет болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: "Екі жұлдыз" бағдарламасы

Видеодан кадр: "Екі жұлдыз" бағдарламасы

Бұл жолы өнер көрсеткен Нұрболат Абдуллин мен Гүлбахрам Ахат, Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменов, Қайрат Әділгерей мен Ақбота Керімбекова, сондай-ақ, Ұшқын Жамалбек пен Меруерт Қазбекова, Жігер Ауыпбаев пен Мереке Қалбаева және Қуандық Рахым мен Дидар Қалиев, Дәурен мен Ақбота-Нұр Айдарқұловтар әділ-қазылардың қатаң сынына ілікті.

Әсіресе, жұлдызды жұп Дәурен мен Ақбота-Нұр төрешілердің төмен бағасын алды. Осы сәтте өз-өзін ұстай алмаған "Кешьюдің" экс-әншісі көз жасына ерік берді. Бұл туралы әншінің өзі де Instаgram парақшасында жазды.

"Екі жұлдыз" байқауының 2-туры мен үшін қиын болды. "Көк жөтел" әнін орындап, өзімнің де көк жөтелім шықты...Осы турда ең төменгі бағалады алғанда, өзіме ызам келіп жылап жібердім. Барынша өз-өзімді қолға ұстап, эмоциямды білдірмейін десем де болмады...",- деді Айдарқұлова.

Дегенмен, көрермендер таңдауы бойынша жобамен Ұшқын Жамалбек пен Меруерт Қазбекова қоштасты.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel