Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзге көрініп тұрады": Абай Бегей төсін үлкейткен арулар жайлы ойын айтты

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Абай Бегей бүгінде бір-бірімен жарыса төсін үлкейтіп жатқан аруларға қатысты пікір білдірді. Әнші жасанды омырау жайлы не ойлайтынын ашық айтты деп жазады "Опмай опмай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегей жасанды төсті ұстап көрмегенін айтып, тіптен қыздардың ондай өзгерістерін байқамайтынын жеткізді.

"Ондайларды байқамаймын. Көзге көрініп тұратын жерлерді байқаймын. Ұстап көргендер қатты болады дейді ғой. Мен өнердегі қыз-келіншектердің өзгеріп кеткенін бірден байқаймын.

Еріндері бас болып кетеді. Суретке түскенде басқаша болып, томпайып тұрады. Басқа жерін ұстап көрген жоқпын. Көзге көрініп тұрады.

Тек сондай білетін жерлерді ғана байқайсың. Сосын басқа жақтарына да қарайсың, томпайып кеткен. Бірақ, ол зиян шығар деп ойлаймын

Біреуіне "ернің ісіп кетіпті ғой" деп айтқанмын. Ара шағып алды ма деп ойлап қалдым" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін пластикалық отаның арқасында адам танымастай өзгеріп кеткен Әлішер Кәрімовты өнердегі әріптестері сынап тастағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1821421-kzge-krinip-trady-abaj-begej-tsin-lkejtken-arular-zajly-ojyn-ajtty/

pixel