RU
"Сәтім келеді": Сахнадан жоғалып кеткен Түнтеков шетелде танылмақ

"Сәтім келеді": Сахнадан жоғалып кеткен Түнтеков шетелде танылмақ

Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар Қайрат Түнтеков шетелге барып, сонда танылғысы келетінін жасырмады. Әнші Қазақстанның атын шығаруға тырысатынын жеткізді деп жазады НТК телеарнасындағы РЕВЮ бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көп уақыттан бері төбе көрсетпей жүрген Түнтеков хайпқа, пиарға жоқ екендігін ашық айтты.

Ол өнерде көбінесе сәтін күтетінін растады.

"Өзімнің сәтім келеді, сол сәтіммен жүремін. Сәтім келмесе, тыныш жүремін", - деді өнер иесі.

Түнтеков сахнаға оралу мүмкіндігін жібермейтінін білдірді.

Телеарна мәліметінше, әртіс Назима, Димаш Құдайберген, Джах Калиб сынды әуелі шетелді бағындыруды армандайды.

"Мен шетелге барамын, шетел жақтан көрінгім келеді. Мен тек халық үшін жұмыс істеп жатқаннан кейін, Қазақстанның атын шығарғым келеді", - деді әнші.

Сондай-ақ, Түнтеков республиканың бірқатар өңірінде ән кешін беретінін жасырмады.

Өнер иесі "Қайрат шаңырақ көтерді" деген қауесетке де нүкте қойды.

Ол әлі отбасын құрмағанын, үйлену тойдың қай уақытта болатынын да білмейтінін айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel