Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Із-түзсіз жоғалған келіншектің мәйіті алты жылдан кейін пәтерінің қабырғасынан табылды

Опубликовано:

АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны көршісін өлтіріп, оның мәйітін алты жыл бойы пәтерінің қабырғасында жасырып келген деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Лос-Анджелес қаласының тұрғыны Рейвен Кемпбелл есімді келіншек 2009 жылдың маусым айынан бері із-түзсіз жоғалғандар қатарында есепте тұрған.

2015 жылдың шілдесінде оның отбасына белгісіз біреу қоңырау шалып, келіншектің мәйіті өзі тұрған үйінің қабырғасында болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Марқұмның туыстары бұл туралы құқық қорғау органдарына хабар берді. Полиция қызметкерлері иттердің көмегімен Рейвеннің мәйітін тапты. Белгілі болғандай, көршілер жылдар бойы жағымсыз иіске шағымданып келген екен.

Рейвен Кемпбеллдың өліміне 47 жастағы Рендольф Е. Гарбатт есімді ер адам – марқұмның бұрынғы көршісі кінәлі деп танылды. Айыптаушылар оның келіншекті балғамен ұрып өлтіргенін мәлімдеді.

Рендольф Е. Гарбатт 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1821439-iz-tzsiz-zogalgan-kelinsekti-mjiti-alty-zyldan-kejin-pterini-kabyrgasynan-tabyldy/

pixel