Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Митингке бала ертіп шығатындарды қамауға алу ұсынылды

Опубликовано:

Сенат депутаттары кәмелетке толмаған балаларды митингке ертіп апаратын адамдарға 100 АЕК айыппұл салу немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik/ Арман Асқар
Фото: Sputnik/ Арман Асқар: Facebook

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына" балаларды митингке ертіп шығатындарды жауапқа тартуды көздейтін норма енгізді.

Сенаттың түсіндірме жазбасында айтылғандай, 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128-бабына мынадай толықтыру енгізілмек:

"Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан заңнамасын бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, демонстрацияларға және қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделермен қарсылық білдіруге тартуға болмайды. Мұны бұзғандарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады".

Түсіндірме хатта көрсетілгендей, азаматтар баланы санкцияланбаған митингке шығару арқылы оның денсаулығына және психикалық тұрғыдан орнықты дамуына нұқсан келтіреді.

"Осыған байланысты рұқсат берілмеген акцияларға кәмелетке толмағандарды тартқаны және пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік ұсынылып отыр", – дейді халық қалаулылары.

Айта кетейік, қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128-бабында кәмелетке толмаған балаларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартқандарға 50 АЕК айыппұл салынатыны жазылған. Енді депутаттар бұл бапқа митингтер мен демонстрацияларға қатысты толықтырулар енгізуді көздеп отыр.

Бұған дейін сенат депутаты Сәуле Айтпаева 16 жасқа толмаған балаларын митингке ертіп шығатын ата-аналарды жауапқа тартуды ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821450-deputattar-mitingke-bala-ertip-sygatyndardy-kamauga-alu-syndy/

pixel