RU
"Шындықты ашамын": Алуа Қонарова отандық шоу-бизнестің былықтарын әшкерелемек

"Шындықты ашамын": Алуа Қонарова отандық шоу-бизнестің былықтарын әшкерелемек

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал продюсер Алуа Қонарова бірқатар өнер жұлдызының бетпердесін шешіп, масқарасын шығармақ. "Ringo World" басшысы болашақта қазақстандық шоу-бизнесте болған бар былықтарды әшкерелейтін кітап жазуға ниеттеніп отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қонарова өнер саласында өз басынан өткен сұмдықтарды еш бүкпесіз ашып айтатынын жеткізді. Ол өз тәжірибесінде болған сатқындық пен көреалмаушылықты жазып, бірқатар әртістер туралы бұрын-соңды айтылмаған мағлұмат бермек.

"Күні кеше шоу-бизнестегі жұмысымның барысында қанша әртісті шығарғанымды санап көрдім. Шамамен, он екі жұлдыз екен. Бір күні қазақстандық шоу-бизнестің дамуы жөніндегі шындықты ашамын. Бұл саланың ішкі құрылысын тізіп жазып шықпақпын.
Компроматсыз болмайды. Сатқындық, аяқ шалу, концерттерді жабу, қарақшылардың аңдуын, жеңіс пен жеңілістерді де сөз етемін. Қызық көп болады" , - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel