RU
Күйеуіне тоқал алып беретін келіншектер көбейді
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуіне тоқал алып беретін келіншектер көбейді

Рассказать Вконтакте

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде күйеуіне тоқал алып беруге ниетті келіншектер көбейіп кетті. "Күйеуім алам десе, өзім таңдап әперемін" дейді. Тіпті, тұрмысқа шықпаған жас қыздардың өзі "кейін жарыма тоқал алып беріп, бәйбіше боламын" дегенді мақтанышпен айтады. Күйеуінің тоқал алуына қарсылық танытпайтын қыз-келіншектер жайлы Alashainasy.kz жазды.

Фото: Lenta.ru

Фото: Lenta.ru

Басылым жарына тоқал алып, бәйбіше атанған келіншектердің өмірі қиындайтынын алға тартады.

Дереккөздің мәліметінше, бәйбіше деген атты арқалағаннан кейін әйел адамның өмірінде ауыр күресті күндер басталады.

Отбасылық бюджет уыстан сусып шығады. Екі үйі бар еркектің табысы екіге жарылатыны белгілі.

Ал, жаңа түскен жас тоқалдың қылығы өтімді болса, таразы басы сол жаққа қарай жылжып кетеді.

"Күйеуім тоқал алған соң оны бұрынғыдай өз жағымда ұстаймын" деген бекер сөз. Ер адам тек сүйген әйелінің ғана ығына жығылады. Ал бірінші жарын шынымен сүйетін еркек басқа әйелге көз салмайды. Тоқал пайда болса – бәйбішеге деген махаббат сезімі суыды деген сөз.
Оның үстіне, еркектер сүйікті әйелінің баласына ғана еміренеді. Өз баласының әкесіне қадірсіз бола бастағанына қарап отырғысы келетін әйел аз шығар.
Әрине, бәсекелестік деген жақсы. Өзіңе деген күтімді күшейтесің. Бірақ… оны жай ғана өзің үшін, сүйген жарың үшін емес, бақталастық, азаматыңның көңілін сәл де болса көбірек аудару үшін істеген…
"Ой, бір кездері қазақтар төрт әйелге дейін алған, анау-мынау" дейді. Алған, бірақ бізге жеткен кітаптарда бәрі жазылмаған ғой. Ол кітаптарда әр бәйбішенің өзін жұртта қалған жыртық кебістей сезініп, іші ит тартқандай әлем-тапырақ болатынын кім сипаттасын… әжелеріміз сауатсыз болған ғой", – деп жазды мақала авторы.
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
5
2
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel