Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚазҰУ студенті қыздардың не себепті ашық киіммен суретке түсетінін айтты (фото)

Опубликовано:

ҚазҰУ-дің тарих, археология және этнология факультетінің студенті Өтеген Анар бүгінгі жастардың кімдерге қызығып, нені оқитынын айтып берді. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген ол "Қалаулым" арқылы жар таңдайтын жастарды қолдамайтынын да жеткізді. Жас арудың сөзінше, өмірлік жарды бағдарлама арқылы табу мүмкін емес.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

- Анар, ҚазҰУ студенті екенсіз, қай факультетте оқисыз ? Арман қуып сонау Оралдан Алматыға қалай келдіңіз?

Мен Өтеген Анар Тұрарбекқызы әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дің 4-курс студентімін. Тарих, археология және этнология факультетінде оқимын. Арман қуып, сонау Оралдан Алматыға келу қызықты жағдай болған. Мен ҰБТ-да орыс тілін қоспағанда 83 балл жинап, грантқа түсе алмай қалған болатынмын.

Сөйтіп Оралдағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде тарих факультетінде ақылы түрде оқып жатқанмын.

Алайда сол жылы ҚазҰУ-ға грантқа түскен студенттер өз гранттарынан бас тартып, бізді сол жылы осында шақыртты. Дәл осылай Алматыға келдік, оған дейін менің ойыма Алматыға барамын деген ой, үш ұйықтасам түсіме кірмеген.

Қазіргі мақсатым – төрт жылдық еңбегімнің жемісін көріп, мамандық иесі атану.

- Оқу бітірген соң қандай жоспарыңыз бар ? Қазіргі жастар білім қуып, отбасылық өмірді кейінге қойып жатады... Сондай ұстанымға қалай қарайсыз ?

Барлығы үшін жауап бере алмаймын, бірақ әр адамның өз тағдыры өз қолында деп білемін. Әркімнің өз өмірі бар ғой? Оқу бітірген соң магистратураға түсу туралы жоспарым бар. Білімімді шектегім келеді.

Қазір бәрі бар, тек өз мүмкіндігіңді пайдалана білу керек. Ал, отбасалық өмірді кейінге қалдыруға келсем, әр адамның өз тағдыры, өзінің бұйырған адамы болады.

Егер оқу бітірген соң, сондай адамды кездестіріп жатса, отбасын құруға болады деп ойлаймын. Өзім магистратураға түскеннен кейін, отбасылық өмірге бет бұрмақпын.

- Жастардың өкілі ретінде сұрайық дегеніміз, бүгінгі жас буын неге қызығады? Қандай құндылықтарды ұнатады? Кімдерге еліктейді? Бәріне бірдей жауап беру мүмкін емес шығар, бірақ жеке пікірізді білсек деп едік?

Қазір жастар өзіне керегін әлеуметтік желі арқылы алады. Өзіне қажет ақпаратты, кімге жазылып, кімді оқу керектігін өздері таңдайды. Сосын жастардың блогерлерге деген қызығушылығы артып келе жатқан сияқты. Желідегі жаңа тренд, челлендждер де қалыс қалмайды.

Қазір адамды жақсы тану үшін, алдымен оның әлеуметтік желідегі парақшасын іздеп, зерттейтін заман болды. Оқырманы көп болса, демек танымал адам деген сөз.

Жасыратыны жоқ тіпті оқырман жинау үшін, ашық-шашық киіммен түскен суретті желіге жүктеу сәнге айналды. Ол дұрыс емес.

Сосын "Қалаулым" деген бағдарлама шықты. Онда қазақ жастары отырып алып, жар таңдайтын болды. Болашақ күйеуін, әйелін қалай бағдарламада отырып алып, таңдауға болады? Мен ондайды, шыны керек, қолдамаймын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821473-kazu-studenti-kyzdardy-zelide-ne-sebepti-asyk-kiimmen-suret-zktejtinin-ajtty/

pixel