RU
"Мәселе жаста емес": Атақты бапкер Головкиннің осал тұстарын атады

"Мәселе жаста емес": Атақты бапкер Головкиннің осал тұстарын атады

Рассказать Вконтакте

Халықаралық бокс даңқының залына енген аты аңызға айналған бапкер Игнасио "Начо" Беристайн Головкин-Деревянченко жекпе-жегіне талдау жасап, қазақстандық боксшының осал тұстарын атап көрсетті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маманның айтуынша, Головкиннің бұндай дәрежеде жұдырықтасуы оның жас мөлшеріне байланысты емес. Ол GGG-дің бұл жекпе-жекке нашар дайындалғанын және оның жаңа бапкерінің стратегиясының болмауын сөз етті.

"Жекпе-жекті көріп, Головкиннің бабында болмағанын байқадым. Бауырына жойқын соққы өткізіп алған соң ол белсенділігін арттырғандай болды – комбинациялар жасап, жылдамырақ қозғалып, ауыр соққылар дарыта бастады", – дейді Игнасио.

Ол содан кейін Головкиннің қайтадан жартылай баяу стильге көшкенін атап өтті. Айтуынша, боксшыға бапкерінің ауысуы әсер еткен.

"Мәселе жасында емес", - деп атап өтті бапкер.

Игнасио өзінің ардагер боксшылармен жұмыс істеген тәжірибесімен бөлісіп, жаттығу процесіне сәйкес түзетулер енгізіп, соның арқасында олардың рингте жақсы жұдырықтасқандарын жеткізді.

"Головкинге шыдамдылық жетіспеді, бұндай қарсыласты жеңу үшін оған жылдамдықты арттыру бойынша жұмыс жасау керек еді.
Ол жылдам емес, бірақ мықты және қалай ұру керектігін біледі. Енді бапкерді ауыстыруына байланысты оған бұл қасиеттер жетіспеуде. Ол ұшқынды жоғалтып алды", – дейді атақты бапкер.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Джонатон Бэнкс Сергей Деревянченкомен өткен жекпе-жектегі қазақстандық боксшының жұдырықтасуына көңілі толмағанын жеткізіп, бұған өзінің де кінәсі бер екенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel