RU
"Кешірді": Желідегілер Бота Нұрсейітова күйеуімен татуласты деп болжауда (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Кешірді": Желідегілер Бота Нұрсейітова күйеуімен татуласты деп болжауда (видео)

Рассказать Вконтакте

Желі қолданушылары Instagram жұлдызы Бота Нұрсейітова екі баласының әкесімен қайта қосылғанын болжауда. Оқырмандар отағасының опасыздығы салдарынан былтыр ажырасып кеткен ерлі-зайыптылар татуласты деген ой түйді деп жазады желідегілердің пікірлеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көпшіліктің бұл болжауына Бота Нұрсейітованың екі ойлы жазбалары себеп болған. Екі баланың анасы соңғы кездері Алматыдағы жиһазын сатып, басқа қалаға көшетінің меңзеген болатын.

"Құрметті достар басқа қалаға көшуіме байланысты қажет емес заттарымды қалдырып кетсем деймін. Жиһазбен қоса киімдерді де қалдырмақпын. Сол себепті менің парақшамды бақылап жүріңіздер.
Бұл - сүйікті қалам, сүйікті аудандарым. Бұл мекен барлығына таныс. Мегаполистің шуы жүрек үшін аса маңызды. Сағынатын боламын" , - деп жазған танымал ару.

Желідегілер бірден Ботаның Нұр-Сұлтан қаласына көшуі мүмкін екенін жазды. Оған қоса, әпкелі-сіңілі Нұрсейітовалардың кенжесі ғаламтордағы жазбасымен халықтың болжамын одан бетер жандыра түсті.

"Егер екі адамға бірге болу жазылса, олардың жолында қанша кедергі болмасын тағдыр оларды түбі қайта қосады" , - деп жазды Бота.
"Сіз үшін қуаныштымын, балалар ата-анасымен бірге болу керек" , "Бота күйеуіңізбен татуластыңыз ба? Рас болса бақыт тілеймін", "Балаларыңыз үшін қуанып отырмын. Әке мен ана бірге болу керек" , "Күйеуімен татуласты" , "Жолдасын кешірген ғой" , "Кешірді. Жарайсың, отбасы толық болған дұрыс" , "Күйеуімен қайтадан бірге екен" , - деп жазуда халық.

Жұбайлардың татуласқанын онсыз да ойлаған халықтың күдігі желі жұлдызының жездесі жүктеген видеодан кейін тіптен сейілді. Раджив Сатжан Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбадан отбасылық түскі ас кезінде Бота мен оның бұрыңғы күйеуі дастархан басында бірге отырғанын көруге болады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel