RU
"Бағасы 600 мың": Ерке Есмахан су жаңа IPhonе-мен мақтанды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бағасы 600 мың": Ерке Есмахан су жаңа IPhonе-мен мақтанды

Рассказать Вконтакте

Ерке Есмахан желіде соңғы үлгідегі IPhone алғанымен қалың жұртқа мақтанды. Әншінің айтуынша, қымбат телефонды оған біреу сыйға тарту еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағалы сыйлығымен Ерке өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Эстрада жұлдызы жаңа телефонымен суретке түсіп астына қысқа жазба қалдырған.

"Жұрттан қалмайық, сыйлық" , - деп жазды ол.

Өнер иесі қолданып жүрген IPhone 11 Pro-ның бағасы бүгінде нарықта 600 мың теңгеден асады. Әнші мұндай қымбат сыйды кім сыйлағанын айтпады.

Желідегілердің бірі әншіні құттықтап жатса, кейбірі асқан мақтаншақтығы үшін сынға да алып жатыр.

"Құтты болсын, игілігіңе ұста" , "Жұртпен жарысып жүрсіңба сонда?" , "Айфон 11 құтты болсын" , "Сіздер алмағанда кім алады" , "Сонша мақтанып не керегі бар?" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
21
0
1
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel