RU

"Мемлекеттік опасыздық": ҰҚК саясаттанушының үкіміне қатысты пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы режимдегі колонияға 10 жылға сотталған танымал қазақстандық саясаттанушы, Қытай бойынша сарапшы Константин Сыроежкинге қатысты үкімге пікір білдірді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Константин Сыроежкин. Фото: facebook.com/ceasia.ru

Константин Сыроежкин. Фото: facebook.com/ceasia.ru: UGC

"2019 жылғы 7 қазанда Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты ҚР азаматы 1956 жылғы Сыроежкин Константин Львовичті ҚР ҚК-нің 175 бабы 1-бөлігінде қарастырылған "Мемлекеттік опасыздық" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін саясаттанушының сотталғанын қоғамдық қор президенті Ғалым Агелеуов өзінің Facebook-парақшасында жазған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Мемлекеттік опасыздық": ҰҚК саясаттанушының үкіміне қатысты пікір білдірді