RU
"Айтқаныңды бұлжытпай орындаймын": Қабатовтың жары оны туған күнімен ерекше құттықтады

"Айтқаныңды бұлжытпай орындаймын": Қабатовтың жары оны туған күнімен ерекше құттықтады

Рассказать Вконтакте

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова желіде жан-жарын туған күнімен құттықтап, көптің ыстық ықыласына бөленді. "КВН"-нің әйгілі ойыншысын қырық жасымен құттықтаған ол, оның "айтқанын бұлжытпай орындайтынын" да жасырмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өзінің жүрекжарды тілегін Мөлдір Мұқанова өзінің Instagram парақшасында жазған. Ол онда:

"Туған күніңмен арқасүйерім, азаматым, тірегім, жүрегім!!! Қалай жақсы көретінімді білсең ғой. 40 жас құтты болсын! 40+40 жыл бірге қол ұстасып мәңгі бірге болуды нәсіп етсін! Қартайғанша қасыңда болып, айтқаныңды бұлжытпай орындауға дайынмын", - деп жазған.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасына жылы тілектерін арнап, түрлі пікірлерін жаудырған.

Олар: "Туған күндеріңіз құтты болсын", "Бастарыңыз аман, дендеріңіз сау болсын", "Жанұяларыңызға тек жақсылық тілеймін" деген тілектерін жарыса жазып жатыр.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel