Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Британия тұрғыны лотереядан ел тарихындағы ең ірі джекпотты ұтып алды

Опубликовано:

Ұлыбритания тұрғыны EuroMillions лотереясынан 170 млн фунт стерлинг ұтып, ел тарихындағы ең ірі джекпотқа ие болды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Жеңімпаздың аты-жөні әзірге белгісіз. Ұтыс сандары – 7, 10, 15, 44 және 49, сондай-ақ қосымша сандар – 3 пен 12.

Егер ұтыс иегері бір ғана адам екені анықталса, ол Ұлыбританияның ең бай мың адамының тізіміне енбек. Алайда, ол мультимиллионер дәрежесін жария етуге немесе белгісіз болып қалуға өзі шешім қабылдайды.

Бұл Ұлыбритания тарихындағы ең ірі ұтыс болып есептелетінін айта кеткен жөн.

EuroMillions лотереясы әлемнің тоғыз елінде ойнатылады: Ұлыбритания, Франция, Испания, Австрия, Люксембург, Ирландия, Португалия және Швейцарияда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1821506-britania-trgyny-lotereadan-el-tarihyndagy-e-iri-dzekpotty-typ-aldy/

pixel