Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тікелей эфирде жаңалық жүргізген анасын құшақтамақ болған балақай елді сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Америкалық NBC теле арнасының тікелей эфиріндегі жаңалықтар қызметі жоспарлағандай өтпеді. Түркия-Сирия арасындағы қақытығыстар айтылып жатқан сәтте диктордың төрт жасар ұлы анасын құшақтауға әрекет жасады деп жазады Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

NBC телеарнасының журналисі Кортни Кубе кішкентай ұлы Райанның тікелей эфир жүріп жатқан түсірілім алаңына өтіп, өзін құшақтап алғанда күлкісін тия алмады. Ерекше видеожазбаны NBC телеарнасы өзінің YouТube арнасына жүктеген.

Кішкентай бала анасының назарын аударту үшін оған қолын созады. Кортни болса барынша байсалды қалпын сақтауға тырысқан. Өзінің бір нәрсені бүлдіргенін түсінген бала да абыр-сабыр болып жатқан продюсерлерге қарап жымияды.

"Кешірім өтінемін... Менің балаларым осында", - деді диктор.

Кортни көрермендерден кешірім сұраған соң, кадрдан Сирия мен Түркияның картасы көрсетілген. Кейінірек, жүргізуші Сирияға қатысты жаңалық шұғыл болғандықтан Райан мен оның егіз ағасын жұмысқа әкелуге мәжбүр болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1821517-tikelej-efirde-zaalyk-zrgizip-otyrgan-anasyn-ksaktamak-bolgan-trt-zasar-bala-eldi-sjsintti-video/

pixel