RU
Ғалымдар адамдарды өлімнен сақтап қалудың тәсілін ойлап тапты
Жаңалықтар Қоғам

Ғалымдар адамдарды өлімнен сақтап қалудың тәсілін ойлап тапты

Рассказать Вконтакте

Швецияның Уппсальск университетінің ғалымдары ит ұстайтын адамдар инсульттен және жүрек талмасынан аман қалатынын дәлелдеген. Олар 40-85 жас аралығындағы 182 мың адамға зерттеу жүргізіп көрген деп хабарлайды m24.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ғалымдар зерттеуді 2001-2012 жылдар аралығында инсультке шалдыққан адамдар арасында жасаған. Олар бұдан бөлек жүрек талмасына ұшыраған 150 мың адамды зерттеуге тартқан.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 30 мың науқастың ауруханадан шыққан соң, бір жылдан кейін көз жұмағаны анықталған. Ал жалғыз өзі, итімен ғана тұратын адамдардың өлім көрсеткіші жай адамдарға қарағанда үштен бір есеге аз болған.

Тағы бір қызығы, жұбайы, баласы және итімен бірге тұрған адамдардың сауығып кету көрсеткіші 15%-ға жоғары екені анықталған.
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel