RU
Оралда пара берген 9 кәсіпкерге үкім шықты

Оралда пара берген 9 кәсіпкерге үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Оралда ет өнімдерін сататын кәсіпкерлерге үлкен айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінде хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қала базарларында ет өнімдерін сататын кәсіпкерлер ветеринариялық анықтамасы жоқ етті кедергісіз сатқаны үшін қалалық ветеринария бөлімінің мамандарына 1000-нан 5000 теңгеге дейін пара берген.
Сол арқылы олар аймақтағы эпизоотиялық жағдайға қауіп төндірді. Олардың барлығына параның мөлшеріне байланысты әртүрлі айыппұлдар салынған", - деді БҚО бойынша СЖҚД басшысының орынбасары Серік Мұстафин.

Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер соңғы екі жыл ішінде пара берген 40 адам жауапкершілікке тартылғанын, олардың сегізі лауазымды тұлға болғанын атап өтті.

"Орал қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, ол қала тұрғынын Орал қалалық сотының лауазымды адамдарына бөтеннің мүлкін ұрлауға байланысты қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 1,2 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелеген.
Өзінің әріптесімен бірге анықтаған заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпай, айырбастау пункттерінің бірінің директорынан 100 мың теңге көлемінде пара алған кезде делдалдық жасаған "ҚР Ұлттық банкінің" БҚО бойынша бас маманы 4 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге кесілген", - деді Серік Мұстафин.

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті пара беруге параның он есе көлемінде айыппұл салудан бастап мүліктің тәркіленуімен бірге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel