Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҒМ басшысы орынбасарының докторлық жұмысындағы "плагиатқа" пікір білдіруден бас тартты

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз орынбасары Фатима Жақыпованың докторлық диссертациясына байланысты туындаған жағдайға пікір білдіруден бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Мен бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеймін. Бір ғана айтарым, біз бір жұмыс плагиат па, жоқ па екенін анықтау үшін оның не екенін түсінуіміз керек. Құқықтық өрісін, нормативті-құқықтық құжаттарды біліп, содан кейін ғана айтуымыз қажет.
Яғни, егер сіз шартты түрде кез келген жұмысты бағдарламаға жүктесеңіз, олар көп болса, плагиат деп жазылып тұрған жоқ. Ол жақта негізі сәйкестік деп жазылады. Ал келесі мәселе, бұл сәйкестіктер қаншалықты рас екенін арнайы комиссия анықтайды.
Сол үшін сәйкестік бар , ол сәйкестіктер дұрыс емес жолмен алынған деп айта алмаймын",- деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр әрдайым ақпаратты заңды көзқараспен дұрыс қабылдау қажеттігін айтты.

"Заңсыз алу деп айтқанда, соңында тек сәйкестік бар болып шығады. Бұл плагиат бар деген мағына емес",- деп толықтырды ол.

БҒМ басшысының бағалауынша, бұл жерде кәсіби тәсіл керек. Сонымен қатар, ол тексерілген жұмыстарды қайта тексерудің мәні жоқ деп есептейді.

"Мен, біріншіден қорғалған жұмыстарды қайта тексеру керек деп есептемеймін. Екіншіден, қазір білім министрлігі кешенді шараларды жүргізуде. Өткен жылы біз студенттердің, магистранттардың және басқа ғылыми жұмыстарды тиісті жүйеден өткізу нормасын енгіздік. Сол жақта сәйкестік бар-жоғы көрінеді, әрі қарай комиссия, мүмкін диссертациялық комиссия ғылыми жетекшімен бірге шешім қабылдайды",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821538-bgm-bassysy-orynbasaryny-doktorlyk-zmysyndagy-plagiatka-pikir-bildiruden-bas-tartty/

pixel