RU
Амандық Баталов Манзоров үшін отставкаға кетуі керек пе
Жаңалықтар Қоғам

Амандық Баталов Манзоров үшін отставкаға кетуі керек пе

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орынбасары Бағдат Манзоровтың кінәсі сот арқылы дәлелденген жағдайда отставкаға кетуі керек пе? Бұл сұраққа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші орынбасары Олжас Бектенов жауап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Амандық Баталов. Фото: zhetysu.gov.kz. Бағдат Манзоров. Фото: baribar.kz

Амандық Баталов. Фото: zhetysu.gov.kz. Бағдат Манзоров. Фото: baribar.kz

Бектеновтің сөзінше, қарамағындағы қызметкер жемқорлық жасаған жағдайда басшысының қызметінен кетуі қарастырылатын заң жобасы мәжіліске қайтарылды.

"Оның тікелей қарамағындағы қызметкеріне (Бағдат Манзоров) қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ол (Амандық Баталов) отставкаға кетуі керек болады. Бірақ, бұл жайлы алдын ала айтудың қажеті жоқ, себебі заң әлі қабылданбады. Қабылданған кезде заңды негізі болады",- деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Кейіннен Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды. Бұл жайында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel