Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ар-намыс қымбат: "Тәжікстан аруы" байқаудағы ашық-шашық биден бас тартты

Опубликовано:

"Мисс Тәжікстан" Сабрина Зухурова "Miss Tourism World" байқауының аясында бикинимен билеуден бас тартты. Шомылу киімімен болатын турға дейін ару топ-5 қатарына кіріп үлгерген деп жазады "Азия Плюс" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сабринаның айтуынша, ол сайыс барысында бикинимен билеу керектігін білмей, ұлттық биді дайындаған. Сөйтіп бойжеткен байқаудан бас тартыпты.

"Мен бикинимен шықпауға шешім қабылдадым. Маған тәж керек емес, мен үшін ар мен намыс қымбат. Бұл тікелей эфирде болды, "Мисс Тәжікстан" бикиниде шығудан бас тартты деп жариялағанда бәрі есеңгіреп қалды, бірақ мен мақтандым және ештеңеге өкінбеймін", - дейді ол.

Бұған дейін олар қазылар алқасына табиғи түрімен, макияжсыз шығуы керек болған.

Сол кезде ол топ-5 қатарына енген. Алайда бикиниде билеуден бас тартқандықтан оның 50 ұпайын алып тастапты.

Сөйтіп Тәжікстандық сұлу топ-10 қатарында қалған.

"Miss Tourism World" сайысы Қытайда өткен. Сабрина Зухурова байқауға кездейсоқ тап болған.

Ұйымдастырушылар оның суретін Instagram желісінен көріп, сұлулығына тәнті болып, шақырту жіберген.

Бұған дейін бойжеткен ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі сұлулық сайыстарына қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1821571-ar-namys-kymbat-tzikstan-aruy-bajkaudagy-asyk-sasyk-biden-bas-tartty/

pixel