Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзі-ақ беріле салады": Құралай ханым жас келіндерге бес жыл шыдауға кеңес берді

Опубликовано:

Қыз-келіншектер арасында түрлі семинар-тренингтерімен танылған психолог Құралай Ошақбаева жас келіндерге кезекті рет өз ақыл-кеңесін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы блогер Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Ол соңғы кезде желідегі түрлі парақшаларда отбасылық өміріне көңілі толмаған келіндердің хаты толып жүргенін атап өтті.

Құралай ханым жалпы қазақ келініне, соның ішінде, өзге шаңырақтың босағасын аттағанына 5 жыл да болмаған жас келіндерге хат жолдады.

"Сәлеметсің бе, Ақ келін! Сауысқаннан сақ келін! Бес жыл шыдашы, ары кетсе он жыл, енеңді аяшы. Қартайып барады. Сен өсіп барасың, жассың, гүлсің. Ол сөніп барады. Солып барады. Бәрібір жеңесің!", - деп әзіл-аралас өлең жолдарын жариялады.

Ол келіндерді шыдамды болуға шақырып, үндінің "Келін" сериалын байланыстырып мысал келтірді.

"Қазақтың Калянилерінің күші қазір, ары кетсе, елуден ары, алпыстан беріге әрең жетеді. Одан кейін өзі-ақ беріле салады. Қазіргі заманда, тоқсанға дейін тақты бермепті деген, кемеңгер Валидені көрсем көзім шықсын", - деді Құралай Ошақбаева.

Психолог "ене" сөзі үлкен мағынадан тұратынын түсіндіріп өтті.

"Ене деген - тағдырың, өмір емтиханы, құдайдың жіберген сынағы. Қалай түсінсең де, өзің біл, әйтеуір жоғарыдан жіберілген адам. Емтиханнан сүрінбей өткенде ғана, келесе деңгейге жіберіледі. Әйпесе жүргенің сол өмір бақи, класстан қалып", - деді ол.

Пост соңында Құралай ханым өмірде кездесетін адамның барлығы сынақ үшін жіберілетінін жеткізді.

"Сенің бүгінгі қиналысыңа - енең, күйеуің т.б адамдар кінәлі емес. Бәрі белгілі себеппен алдыңнан шығып тұр. Жауапты өзіңнен ізде! Сынақтан өткен күні, жаратушы сені жарты күн де, сол адамдардың жанында тұрғызбайды. Айтар әңгіме көп", - деп ойын қорытындылады психолог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821584-bribir-zeesi-kralaj-hanym-enesimen-til-tabysa-almajtyn-zas-kelinderge-akyl-ajtty/

pixel