RU
Малахов өз сөзі үшін Қырғызстан елшілігіне арнайы барып, кешірім сұрады

Малахов өз сөзі үшін Қырғызстан елшілігіне арнайы барып, кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов Ресей Федерациясындағы Қырғызстан елшілігіне барып, арнайы кешірім сұраған деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мәскеуде жұмыс істейтін қырғызстандық Тимур Саралаев дипломатиялық өкілдік ғимаратында жүргізушімен селфи жасаған.

"Малахов сол даудың өзіне сабақ болғанын мойындады. Оған жауап ретінде мен "біз қырғыздар ақ көңіл халықпыз деп, оның қолынан алдым", - дейді Саралаев.

Дипломатиялық өкілдіктегілер Малахов пен Бүкілресейлік мемлекеттік телерадио компанияның халықаралық қатынастар дирекциясының басшысы Петр Федоров елші Аликбек Джекшенкуловпен кездесуге келгенін айтты.

Айта кетейік, Андрей Малахов "Прямой эфир" шоуы шығарылымдарының бірінде Қырғызстан азаматы Акбаров сыйақы үшін тапсырыспен жол апатын ұйымдастыруы мүмкін екенін айтқан.

Сондай-ақ, ол мұны Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлығымен байланыстырған.

Жүргізушінің дәл осы сөзі халықаралық дау тудырған еді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel