RU
"Мәдениеттің мықты қызметкері": Қырғыздар Әділ Ахметовты марапаттады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Мәдениеттің мықты қызметкері": Қырғыздар Әділ Ахметовты марапаттады (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер Әділ Ахметов қырғыздардың мәртебелі марапатына ие болды. Өзге елде де өнері жоғары бағаланған әртіс Қырғыз республикасының "Мәдениеттің мықты қызметкері" атанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Әділ Ахметовтың өзі Instagram парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрап хабарлаған.

"Құрметті достар! Туған күндік құттықтауларыңыз бен жылы лебіздеріңізге көптен-көп раxмет!

Нұр үстіне нұр жауып, тура туған күнімде Қырғыз Республикасы мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі "Мәдениеттің мықты қызметкері" төс белгісімен марапаттады.

Құрметті Қайрат Олжабайұлы сізге және барша Қырғыз еліне, Қиял әпкеме мың алғыс! Биылғы туған күн халықаралық болды. Аллаға шүкір" , - деп жазды актер.

Желі қолданушалыры отандасымыздың бұл жетістігіне қатты қуанып, оған өз құттықтауларын жаудырған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel