RU
Димаштың концертіне қатысқан ақтөбелік қыз әлемдік байқауда топ жарды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Димаштың концертіне қатысқан ақтөбелік қыз әлемдік байқауда топ жарды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік жас әнші Нарқыз Жанұзақова Испанияда өткен «Tu Onda» халықаралық байқау-фестивалінде бас жүлдеге ие болды. Оннан астам елден жүзге жуық өнерпаз қатысқан өнер бәйгесінде қазақ қызы қазыларды таңдай қақтырған деп жазады "Ақтөбе газеті".

Анықталғандай, байқау Малага қаласында өткен. Ол вокал, би, музыкалық аспаптарда ойнау сынды үш аталымнан тұрған.

1-7 қазан күндері аралығында өткен өнер мерекесінде 13 жастағы Нарқыз қазақ және орыс тілдеріндегі әндерді орындады.

"Біріншісі — танымал әнші Мархаба Сәбидің репертуарындағы «Қай заман», екіншісі орыс тіліндегі «Боль» деген ән. Байқауға жақсы дайындықпен бардым. Ұйымдастыру жағы да өте жақсы болды" , - деді жерлесіміз.

Шетелден жүлдемен оралған жасөспірімді Ақтөбе әуежайында туыстары, ұстаздары мен достары гүл шоқтарымен күтіп алған.

Өнер бәйгесінде топ жарып, диплом және кубокті иеленген Нарқыз енді Беларусь астанасы — Минск қаласында өтетін сазды сайысқа жолдама алды.

Айта кетейік, Нарқыз Жанұзақова былтыр «Baqytty bala-2018» балалар байқауын жеңіп, Димаш Құдайбергеннің Лондондағы «DQ» атты концертіне қатысқан.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel